Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ағаштан түйін түйген

Ағаштан түйін түйген

Нарықтық кезең өз кәсібіне ден қойып, табысты еселеудің бірден-бір жолы. Сұранысқа сай түрлі кәсіпті игерген адамға барлық мүмкіндік қарастырылған. Қарым-қабілетін барынша шыңдау арқылы өз ісінің маманы атану – қоғамда айқынорныңды қалыптастырады. Бүгінде сан алуан кәсіптің ішінде ағаш өңдеумен айналысу аса күрделі мамандық. Алғашқыда ағаш шебері атанып, кейіннен жиһаз құрастыруды қолға алған Ғабит Сағындықов  көпшіліктің алғысын арқалаған жан.
1998 жылы Ғабит Қуанышбайұлы  алғашқы жұмысы  сандық жасауды қолға алды. Шебер жұмысты бастамас бұрын қағазға жиһаздың сұлбасын түсіреді. Сандық жасауға қажетті ағашты барынша өңдеп, бір аптада ойға алған жұмысын аяқтайды. Кейіннен ұсақ-түйек ағаш бұйымдарын жасауға қызығушылығы артады. Құрғақ ағаш иілмейтіндігін білетін  шебер жиһазға керекті материалдың мықтылығына көңіл бөледі. Ағаш өңдеуді Сырдария аграрлы-техникалық колледжінде оқып жүріп меңгереді. Ал Қызылорда қаласындағы арнайы цехта жұмыс жасау арқылы жиһаз жасауды үйренеді. Үш жылға жуық кәсіби мамандардан  тәжірибе жинақтап, 2012 жылы жиһаз  жасауды қолға алады.
– Менің ағаш бұйымдарына деген қызығушылығым мектеп қабырғасынан қалыптасты. Оқу бітіргеннен кейін өз ісімді бастап кеттім. Бұрын ағаш бұйымдарын жасасам, қазір жиһазды құрастырамын. Айына орта есеппен 10-15 жиһаз жасап шығарамын. Көпшілік замануи үлгідегі жиһазға қызығушылық танытады.Барлығының көңілінен шығу қиын. Сондықтан  үнемі іздену арқылы жаңа жиһаз түрлерін істеуге машықтанамын. Ең алдымен  сапаға көңіл бөлемін, – дейді шебер.
Жиһаз жасауға қажетті құрал-жаб­дықтың бірнеше түрі болады. Ағашты кесуге, жонуға, бір-бірін біріктіруге, барынша майыстырып, қайтадан қалыпқа келтіруге құрылғылардың көмегі зор. Жиһазғаарналған ағаштар ДСП, ЛДСП, МДФ өнімдері арқылы жасалады. Сонымен бірге ұзақ мерзімге жарамды ағаштардың сапасына мән берілу керек. Кейде тұтынушы жиһазға тапсырыс беріп, артынан бас тартып жатады. Мұндайда кем дегенде екі-үш күнде жасалатын жиһазды қайта өндеу үшін ағаштың сапасы маңызды рөл ойнайды.
– Тұтынушылардан ас үй жиһаз­дарынан бастап, барлығына  тапсырыс қабылдаймыз. Кейде жиһазды жалғыз өзім жасайтын кездер болады. Уақыт тапшылығына қарамастан жиһазды  тапсырыс берушінің қалауына қарай орындаймын. Осы күнге дейін көмекшілерім көп болды.Көбісі қызығы мен қиындығы мол кәсіпті игергісі келмейді. Қызығушылық танытпайды.  Жеңіл табыс табуды ойлайды. Қазіргі нарықтық заманда кәсіппен айналысу ұтымды шешім, – дейді жеке кәсіпкер.
Ғабит Қуанышбайұлы №210 О.Әбіл­паттаев атындағы орта мектептің түлегі. Отбасында 5 ағайынды. Бүгінде жары Гүлнұрмен 4 перзент тәрбиелеп отыр. Үнемі өз кәсібін жандандырып, көпшілік көңіліндегі жиһаз құрастыруды қолға алған шебердің еңбегі өлшеусіз.
Шебер ағаштың түр-түрін зерт­теп, кәсіпті игеругебарынша машық­танған жан. Қолынан егеуі мен үккіші түспей, түрлі ағаш  бұйымдарын жасау­дың қыр-сырына қанығады. Қиял мен қабілетті ұштастыру ағаш шеберінің іскерлігін көрсетеді. Неғұрлым нақты есеп­пен жасалғанжұмыстың нәтиже­сінде сапа алдыңғы орында тұратын­дығын біледі. Барлығын мұқият қада­ғалау қатаң қағида. Шалыс қимыл­дың артында орны толмас шығын тұратын­дығын назарда ұстайды. Әр іс бары­сын­да тиянақтылық маңызды рөл атқа­ра­тындығын жіті ұғынады. Өз кә­сі­біне деген адалдықтан ажырама­ған шебердің кәсібіне береке берсін демекпіз.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 

21 сәуір 2020 ж. 640 0