Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі мәслихат депутаттарына алғыс айтты

Аудан әкімі мәслихат депутаттарына алғыс айтты

Аудандық мәслихаттың кезекті 50-сессиясына қатысқан аудан әкімі Руслан Рүстемов мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсеткен облыстық мәслихат депутаты Расул Есеновке және аудандық мәслихаттағы Nur Otan партиясының депутаттық фракцияның бірқатар мүшелеріне алғыс айтты.
Елдегі қатерлі індетпен күресте барлық азаматтық қоғамдар да өз үлестерін қосуда. Еріктілер белсенділік танытып, түрлі қайырымдылық акциялары арқылы көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік, антисептикалық құралдар, бетперде таратып, көмек көрсетуде. Ауданда еріктілер тобымен «Біз біргеміз» акциясы аясында түрлі қолдау шаралары ұйымдастырылуда. Осы ретте, облыстық мәслихат депутаты Расул Әбутәліпұлы, аудандық мәслихат депуттары Дархан Жұмашұлы, Марат Алдабергенұлы, Сейткамал Абзалұлы аз қамтылған отбасыларға тегін азық-түлікпен, бетперделер, блок бекеттерге дене қызуын өлшейтін құрылғымен және арнайы қорғаныс киімдерімен қамтып, көмек көрсетіп келеді. Әрине, елдегі ерекше кезең әлеуметтік жауапкершілігімізді сезінетін жауапты сәт деп білеміз. Осы орайда, Сіздерге аудан жұртшылығы атынан алғысымды білдіремін, – деді аудан басшысы.
Айта кету керек, сынақты сәтте Nur Otan партиясы халықтық партия екенін тағы да дәлелдеді. Партия белсенділері «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында аудандағы барлық ауылдық округтерде қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Бұл іске депутаттармен қатар, кәсіпкерлер, еріктілер де өз үлесіп қосуда. «Біз біргеміз» ұранымен жүргізіліп жатқан жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретініне сенім мол.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
16 сәуір 2020 ж. 1 083 0