Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қайырымдылық көмек көрсетілуде

Қайырымдылық көмек көрсетілуде

Облыс көлемінде жарияланған карантинге байланысты республикалық #Bizbirgemiz атты қайырымдылық акциясына ауданның білім са­ласы қызметкерлері де үн қосты. Шараны іс­ке асыруға аудандық білім бөлімі мен білім қыз­меткерлерінің аудандық кəсіподақ ұйымы ұйытқы болды.
Акция аясында білім саласында қызмет істейтін аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек жасалды. Атап айтқанда, көмек көрсетушілер 43 отбасыға ең қажетті азық-түлікті қызметкерлердің үйлеріне жеткізіп беруде. Сонымен қатар сақтық шараларын қамтамасыз ету үшін барлық білім мекемелеріне 700-дей бетперде арнайы тапсырыспен тігілген. Қорғаныш маскаларды елді мекендерге таратып, білім қызметкерлеріне жан-жақты көмек көрсе­тілуде.
Алмас Есназар, білім қызметкерлерінің аудандық кəсіп­одақ ұйымының төрағасы:
– Қазіргідей жағдайда бәріміз бір-бірімізге қолдан келген көмегімізді көрсетуіміз қажет. Біріксек, бәрін де жеңетініміз анық. Сондықтан біз аудандық білім бөлімімен бірігіп, көмекке зәру білім қызметкерлеріне көмек көрсетудеміз. Мүмкіндігімізше сауапты іс­ке атсалысудамыз. Осындай бір-бірімізге жанашырлығымыздың арқа­сында біз қауіпті індеттен құтыламыз. Тек сақтық шараларына айрықша мән беріп, үйден шықпағанымыз абзал. Біз біргеміз!

Ердос БЕРКІНБАЕВ 

18 сәуір 2020 ж. 923 0