Ел халқы сабырлық пен төзімділік танытуы керек

Мұндай қиын-қыстау күндері кәсіпкерлер де ұйымшылдықпен бір арнаға ұйысуы міндет. Ел азаматтарына барынша қолдау көрсетуге өзім секілді жеке кәсіпкерлерді шақырымын. Карантин уақытында бас пайданы ойламай заң аясында әрекет ету ұтымды шешім. Сондықтан төтенше жағдай кезінде негізсіз әрекеттерге бармау маңызды.
Коронавирустың күннен-күнге өршуі сан мыңдаған халықтың өміріне қауіп төндіргені мәлім. Ежелден халқымыз кез келген ауыртпалықты еңсеруде бір-біріне демеу болған. Бұл ретте ел халқы сабырлық, төзімді болып, бойдағы үрей мен қорқыныштан арылу керек. Қай кезде де баршаның көкейінде дертке байланысты күмән сейілметіні рас. Біз тұтастай бірлігіміз арқылы сындарлы сәтте мойымай барлығын жеңеміз. Әлемді жайлаған індет кеңінен таралмас үшін ұқыптылық пен тиянақтылықты назарда ұстауды ұмытпайық.
Ұлпан ЕЛЕУСІНОВА,
жеке кәсіпкер
жеке кәсіпкер