Көмекке қол жеткізгендердің бірімін

Бірнеше санат бойынша тағайындалған көмекке өтініш беру де қиынға соқпады. Үйде отырып, электронды түрде қызмет көрсететін жүйені пайдаланып, өтініш білдірдім. Өтініш бергеннен кейін көп уақыт өтпей ұялы телефоныма көмекке іліккендігім жайлы хабарлама алдым. Сонан соң жеке есеп шотыма қаржының келіп түскенінен хабардар болдым. Көп болмаса да әжептәуір қаржылай көмекті алғаныма қуаныштымын.
Елдің жағдайы белгілі. Аты дүние жүзіне белгілі болған індеттің өршуі тоқталар емес. Дегенмен күдіктен гөрі үміт басым. Себебі мемлекет қай кезде де халықтың жағдайын алдыңғы кезекке қойып, аз қамтамасыз етілгендерді қорғауға әзір. Сондықтан, ең бастысы бас амандығымыз үшін қиындыққа төтеп беру өз қолымызда екенін түсінген абзал. Бұл жағдайдың ушығып кетпеуіне бар мүмкіндіктер жасалып жатқанда, қарапайым халықтың қолынан келетіні сабырлық таныту. Ал бұл біздің қолымыздан келеді.
Г.Құрманғалиева,
А.Тоқмағамбетов ауылының тұрғыны