Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақыт өнерлі отбасыға үйір

Бақыт өнерлі отбасыға үйір

Бақыт деген не құдірет, Жаратқан,
Адамзатты қас-қабағына қаратқан.
Бармақтайы сол шіркіннің о, тоба
Үлкен дейді таудай болған талаптан, – деп ақын Сәуле Досжанова айтқандай, кейіпкерлерім ұзақ жылдар бойы бір-бірімен қас-қабақпен ұғысады.  Ең алғаш жастық жалыны бұрқыраған Азиз Садықов мәдениет үйіне жұмысқа келеді. Сонда жас әнші  тал шыбықтай  бұралған биші қыздарға би үйреткен Ақмаралды өзіне жар қыламын деп ойламады. Олардың махаббаты достықтан басталған. Мәдениет үйінің сахнасында түрлі шараға бірге қатысып, арада тығыз әріптестік байланыс орнайды.  Төрт жыл бойы екеуі  дос ретінде араласып,  бір-бірін жақын таниды. 2006 жылы сері жігіт сұлу қызға сөз салып, үлкен өмірге қадам жасайды.  Араға бір жыл өткенен кейін өнер әлеміндегі ерекше талант иелері отау құрады.
Бүгінде  Азиз Садықов «Сырдария квартетінің мүшесі, аудандық мәдениет үйінің директорының орынбасары қызметін атқарады. Ал Ақмарал Пернебаева  «Балауса» халықтық би ансамблінің жетекшісі. Шәкірттері Халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы. Шаңырақ көтергендеріне 14 жыл болған жұлдызды жұп  екі қыз бір ұл тәрбиелеп отыр. Жүректің сырын көздерінің нұрынан байқаған Азиз бен Ақмарал  балаларына тағылымды тәрбие беріп, отбасы  құндылығын айтып отырады.
15 сәуір 2020 ж. 820 0