Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғаламдық індеттің алдын алуға қолдау көрсетіміз

Ғаламдық індеттің алдын алуға қолдау көрсетіміз

Қандай жағдай болмасын ел бірлігі сыналатын сәтте  күрделі ахуалдан бірлесіп шығуымыз қажет. Бүгінде ел халқы індеттің  қауіптілігін түсініп, бір-біріне көмек қолын созуда. Ғаламдық қиындыққа айналған коронавирустың таралуы күн санап артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде бір ай  мерзімге төтенше жағдай енгізілгені баршаға мәлім. «Сақтықта қорлық жоқ» деген. Мұндайда бейғамдыққа салынбай барлығымыз қауіпсіздік шараларын назарда ұстауымыз керек. Барынша белсенді әрекет етіп,  індеттің өршіуіне жол бермеу керектігін әр  азамат ұғынса игі.
Коронавирус індетін  таралуына жол бермеу үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент Қоры есебінен 200 миллион теңге бөлді. Бұл туралы біз Қазақстан халқына жолдаған үндеуі арқылы оқып, білдік. Сонымен бірге Елбасы өз үндеуінде кәсіпкерлер мен  ел азаматтарын  індетті алдын алу мақсатында қолдауға шақырды. Бұл бастаманы қолдаған кәсіпкерлер  ел көлемінде тиісті шараларды жүзеге асыруда. Осындай сәтте кәсіпкерлер қолда бар көмегі арқылы аянып қалмайды деп білемін.  Бұл ретте  «Мәді қажы» ЖШС ұжымы дәстүрлі түрде аз қамтылған отбасыларға  қажетті зататарын алу үшін қайырымдылық жасауда. Ауыл әкімідігімен бірлесіп, ауылдағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға,  көп балалы отбасыларға, тыл және еңбек ардагерлеріне азық-түлік пен қаржылай қолдау көрсетілді. Ауылдық ардагерлер кеңесі мен Қоғамдық кеңестің  ұсынысымен тиісті шаралар қолға алынып, мұндай игі бастама жалғасын табатын болады. Күні бүгінге дейін кәсіпкерлік саласы өркендеп, мемлекет тарапынан  барлық жағдай жасалып келеді. Елдегі ахуалға байланысты кәсіпкерлер де  ұйымшылдықпен бір арнаға ұйысуы міндет.
Елдегі болып жатқан сындарлы кезеңді ауыл жұртымен еңсеру азаматтық борыш санаймын. Халық қалаулысы ретінде қиын-қыстау күндері көпшілік жанынан табылу басты парыз. «Ауыл болсаң, қауым бол» деп дана халқымыз айтқандай, біз індетпен күресте бей-жай қарап қалмаймыз. Қолдан келгенше ауыл азаматтарына көмек көрсетіп, байыпты әрекет етеміз. Бұл орайда осындай аумалы-төкпелі шақта  кәсіпкерлерді белсенді түрде  ел азаматтарын қолдау шарасын ұйымдастыруға шақырамын.  

Сейткамал Сұлтанов,
«Мәді қажы» ЖШС-нің төрағасы
21 наурыз 2020 ж. 1 037 0