Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 газет

12 қазан 2019 ж.

№ 78 газет

08 қазан 2019 ж.

№77 газет

05 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ақ батасын алды

Ақ батасын алды

«ҚАРТЫ БАРДЫҢ – ЖҰРТЫ БАР». БҰЛ БАҒЗЫДАН ҚАЛҒАН БАБА СӨЗІ. ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТЫН СЫЙЛАП, ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТСЕ, ӘРИНЕ, НҰР ҮСТІНЕ НҰР БОЛАРЫ ХАҚ. ЖАЛПЫ ҚАРТТАР МЕРЕКЕСІ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ? БҰНЫ БІРІМІЗ БІЛСЕК, ЕНДІ БІРІМІЗ БІЛМЕЙТІН БОЛАРМЫЗ. БҰҰ-НЫҢ ШЕШІМІМЕН 1990 ЖЫЛЫ ҚАЗАН АЙЫНЫҢ 1 ЖҰЛДЫЗЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ. МІНЕ СОДАН БЕРІ БҰЛ АТАУЛЫ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ӘР ЕЛДЕ ӘРҚАЛАЙ АТАЛЫП ӨТУДЕ.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында қазір әр ауыл, аудан, қалаларда қарттарға қамқорлық, ізеттілік көрсету игі шаралары жандана түсуде. Соның бір айқын көрінісі жақында ғана аталып өткен мерекеге орай Шаған ауылдық әкімшілігі, шаруашылық директоры мен мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырған «Қарты бар елдің – қазынасы бар» атты концерттік құттықтау кеші өтті. Ауылдың көнекөз ақсақалдары мен аяулы аналары жиналған шараның алғашқы құттықтау сөзін ауылдық округ әкімі Ұ.Абдраманова алды. – Бұл мерекенің мағынасы – қарияға қамқорлық, көмек көрсету. Ізет пен сый-құрмет сияқты құндылығы тереңде. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен еліміздің түкпір-түкпірінде дәл осы сипатта игі шаралар өткізілуде. Бұған мұрындық болып қолдау көрсеткен шаруашылық басшысына алғысымды білдіремін, – деп жиналған қариялар қауымын құттықтап, ауылда ардагерлер үшін жасалып жатқан мазмұнды жұмыстарды баяндады. «Қарты бар ел – қазыналы ел» екендігін алға тартып, ауыл әкімі келер ұрпақ үшін көрсеткен ерен еңбектері ешқашан ескерусіз қалмайтынын жеткізді. Осылайша ауылда дәстүрге айналған 80 жасқа келіп, ұрпағының ортасында бақыты өмір сүріп отырған ата-әжелерді құттықтау салтанаты басталды. Бұл мерейлі жасты еңсерген қарттар қатарында Сырдария ауданының Құрметті азаматы Қайып Әбдібеков, ауыл шаруашылығында еңбек еткен Бұқарбай Сәтбаев, көп балалы ана, «Күміс алқа» иегері Сартай Ілиясова, ауыл шаруашылығында ерен еңбек еткен Достай Досмағұлов және талай жыл Сыр маржанын өсіріп-баптаған, күрішші Оразбай Сәрсенбаевтар бар. Аудан әкімінің арнайы құттықтау хатын жеткізіп, иықтарына шапан жапқан ауыл атқамінерлеріне ақсақалдар батасын берді. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зұлқарнай Тасбергенұлы мен «Шаған Жер»ЖШ-нің төрағасы Б.Қадіров мерейтой иелерімен қатар барша қарияларды айтулы мерекелерімен құттықтап, арнайы сыйлықтарын табыс етті. Мерекелік кешті әуелеткен Шаған ауылдық «Әжелер» ансамблі, Сарыбаевтар дуэті, күмбірлеген күй төккен Н.Сайлаубековқа халық қошеметін аямады.
Майя ҚОЖАБАЙ
08 қазан 2019 ж. 43 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам