Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Барлығынан адамның жан саулығы қымбат

Барлығынан адамның жан саулығы қымбат

Әлем халқының өміріне қауіп төндіріп тұрған  індетпен күресте  сақтыққа аса көңіл бөлу керек. Әлі күнге дейін көпшіліктің  коронавирустың қауіптілігін сезінбей жүргені қыңжылтады. Көше толған адам. Қазіргі ахуалдың күрделенуіне байланысты бейқамдық танытпайық. Бір-біріміз үшін талапқа сай әрекет етейік. Тәртіпке бағынбаудың артында коронавирустың зарбабы тұр.  

Шаратарапқа жайлаған вирустың ауданымызда анықталуына байланысты жергілікті халықтың жиын-тойларға бармауға шақырамын!  Нақты ақпаратқа сүйенсек,  коронавирус жұқтырғандар арасында той-тоймалаққа барғандар кездеседі. Адам көп шоғырланған ортадан бойымызды аулақ ұстап, барынша оқшауланайық. Бұл күнде өтеді. Дәл қазіргі уақытта сабырлық танытып, кеселмен күресте төзімді болуға тырысайық. Барлығынан адамның жан саулығы қымбат. Сондықтан денсаулығымызды күнделікті бақылауда ұстап, індет жұқтырудан сақтанайық.  


 Қанатбек Әбілқасым,
Шіркейлі ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы
08 сәуір 2020 ж. 667 0