Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан тұрғындарына арналған жадынама

Аудан тұрғындарына арналған жадынама

Карантиндік аймақтың шекарасынан өтуге рұқсат етілген  азаматтар мен көліктер тізімі:
1.Медициналық көмек және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет сондай-ақ медициналық персоналдар (дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, жүргізушілер).
2.Мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызметтік куәліктерімен (Сырдария ауданының әкімдігі, Тереңөзек кенті және ауылдық округ әкімінің аппараттары, аудандық сот, аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі, өзге де арнаулы құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы көліктерімен).
3. Коммуналдық, авариялық қызметтердің қызметкерлері: (электрмен, сумен, жылумен жабдықтау, қоқысты жинау, жанар-жағар май, сондай-ақ байланыс және коммуникация саласының (пошта) қызметкерлері, инкассаторлық көліктер (мемлекеттік нөмірлік белгілері бойынша автокөлік)
4. Аудандық перзентханадан шыққан жаңа туған сәбиі бар аналар (Аудандық перзентхананың үзіндісі (выписка) болуы тиіс).
5. Карантиндік стационардан шыққандығы туралы үзіндісі (выписка) бар тұлғалар (шығарудың мерзімі бір күннен аспауы керек).
6. Қызылорда қаласына немесе Тереңөзек кентіне емделуге келген/ шыққан азаматтар, егер:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- 035-1/У нысаны бойынша диагнозды және емдеудің өзектілігін растау туралы аумақтық дәрігердің қорытындысы;
- бірінші басшының қолы қойылған және мөрмен куәландырылған, диагнозы мен жеделдігі туралы карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымның шақыру хаттары;
- карантиндік аймақта орналасқан стационардағы аурудың қағаз түріндегі медициналық анықтамасынан үзінді көшірмесі (міндетті түрде сол күні шығуы тиіс).
Ескерту: егер науқас өздігінен қозғала алмайтын болса, жеке басын куәландыратын құжаттары бар 2 адаммен сүйемелдеуге болады.
7. Азық - түлік (тамақтану) тауарлары, азық-түлік емес тауарлары, дәрі - дәрмек өнімдері, инватакси, құрылыс материалдарын тасымалдаушы, газ баллондары тиелген арнаулы көліктер*:
Міндетті шарттар:
- ілесіп жүрген адамның жеке куәлігі немесе паспорты;
- тауарларға арналған жүкқұжаты (накладной лист) және жеке кәсіпкер екендігін растайтын құжаты;
- жеке санитарлық қорғаныс құралдарының болуы (қосалқы маскалар, резеңке қолғаптар);
*- тиісті жерде болу уақыты 12 сағаттан аспауы тиіс.
8. Транзиттік жүк және жеңіл автокөліктер:
жол полициясының қызметкерлері 20-ға дейін автокөліктен тұратын құрама (колонна) жинақтап, оларды ілестіре отырып карантин аймағынан тыс айналып өтуін қамтамасыз ету;
9. Минералды тыңайтқыштар, жем-шөп, тұқымдық материалдар, ауылшаруашылық жануарлар, қосалқы бөлшектер тасымалдайтын көліктер мен ауылшаруашылық техникалар.
10. Зертханалық қызметтерге талдамалар жасау үшін биоматериалдар мен биоқалдықтарды, сонымен қатар арнайы рұқсат қағаздар мен құжаттарды (тасымалдаушы автокөліктердің кіруі мен шығу құқығынсыз) өткізу пункттері арқылы беруге рұқсат етіледі. 
Ескертпе: Өзге де ерекше жағдайлар аудандық жұмысшы топпен жеке тәртіпте қарастырылады.
06 сәуір 2020 ж. 277 0