Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда көлікпен жүруге тыйым салынды

Өзбекстанда көлікпен жүруге тыйым салынды

Өзбекстан қалаларында жеке көлікпен жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Коронавирусқа қарсы күрес жүргізу жөніндегі арнайы республикалық комиссияның шешімімен Өзбекстанның Ташкент, Нүкіс және облыстық маңызы бар қалаларында 30 наурыз бен 20 сәуір аралығында жеке мақсаттарда көлікпен жүруге тыйым салынды. Қалада рұқсатсыз жүре алатын көліктер тізіміне тек дипломатиялық, коммуналдық қызмет көрсететін көлік құралдары, медициналық-эпидемиологиялық қызмет көрсететін, ауылшаруашылық өнімдерін жеткізетін көліктер, медициналық мекемелерге және олардан жедел медициналық көмекке (жүктілік, өмірге қауіп төндірген дене жарақаттары) мұқтаж адамдарды әкелген көліктер, қалалық және аудандық әкімшілік басшылары, олардың орынбасарларының автомобильдері, жерлеу көліктері, жедел және медициналық көмек машиналары, патрульдік авто, пошта қызметі және азық-түлікті курьерлік жеткізу көліктері, сондай-ақ коммерциялық банк автомобильдері кіреді.
29 наурыздан бастап шектеу қою кезеңінде қозғалыс рұқсат етілген автомобильдер үшін арнайы рұқсат (стикерлерді) беру басталады. Көлікке жеке мүддемен мініп жүруге тыйым салынған.

29 наурыз 2020 ж. 677 0