Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұқпалы індетке тойтарыс беру керек

Жұқпалы індетке тойтарыс беру керек

Қазіргі таңда егін науқанына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Шаруалар қызу тірлікке кірісе бастады. Осы шақта қауіпті індеттің таралауы шаруалыр ісіне кері әсерін тигізуі ықтимал. Алайда Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілетінін жеткізді. Яғни осы салаға бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінеді. Одан бөлек көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Сондай-ақ Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді. Осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылмақ.
Демек, күріштің Отаны саналатын Сыр елі еңбеккерлері жылдағы үрдісті ісін атқарып, егін егу жұмыстары жоспарға сай жүргізіле береді. Осындай сындарлы кезеңдерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, еңбек етіп,  жұқпалы індетке тойтарыс беру керек.
Мемлекет басшысы «Мұның барлығы коронавирус індетінің залалын тезірек жоюға әсер етеді деп сенемін» деді. Сол сенім үдесінен шығу үшін еңбеккерлер жұмысты жандандырып, егін науқанын нәтижелі аяқтау қажет. Бұл ретте, әркім сақтық шараларына өте мән беріп, абай болғаны жөн.

Мектепхан ЕЛЕУСІНОВ,
ардагер


01 сәуір 2020 ж. 376 0