Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА


Елбасы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асырып, еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту қажеттігін міндеттелді.
Бұл бағытта Сырдария ауданында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім 11 айдың қорытындысы бойынша 11 миллиард 780 миллион теңгені құрап, 103,8 пайызға өсті.
Аудан бойынша 20874 гектар күріш дақылынан 53,0 центнерден өнім алынып, барлығы 111 мың 158 тонна астық жиналды.
2019 жылдың егісіне 5180 тонна күріш тұқымы құйылды.
Егін шаруашылығын субсидиялау бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттен ауыл шаруашылығы құрылымдары 761 миллион теңгені игерді.
Шаруашылық құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан лизинг арқылы 1 миллиард 252 миллион теңгеге барлығы 32 ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.
23 желтоқсан 2018 ж. 1 914 0