Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақ өсіргеннің бағы жанады

Бақ өсіргеннің бағы жанады

Берекелі "Бесарық" атымен танылған елді мекеннен игі іс эстафетасы бастау алды. Ауыл атқамінерлері жұмылып, туған жерді көркейтуге үлес қосуда. Бұл туралы Жұмабай Байзақ өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Онда:
""Бесарық" шаруа қожалығының төрағасы Мырзан Кішкенбаев осы бір қиын кезеңде бір игілікті істі жүзеге асырды. Абай айтқан есті кісі болуды мақсат тұтқан Мырзан депутат болып жүріпте,одан кейін шаруашылықта жүріпте елге пайдасы тиетін игі істер атқарғанды.Соңғы жылдары ауылдың кіре берісін абатандыру жайлы жақсы жоспарларын ауылдың негізгі инвесторы "Абай Даулет" ЖШС басшыларымен ақылдаса отырып ,ауылға кіре берестегі "Жаңадария" каналының бойынан 210 метр жер қоршалып, абатандыру жұмысы наурыз айының соңғы күні аяқталды. Дариядан су тартып ағаш,гүл егетін жер құнарлы тыңайтқыштар мен өңделіп, тіршілік нәрі жіберілді. 35 түп қылқанжапырақты – тұя, 40 түп катальпа, 60 түп қараағаш егілді. 210 метр дария жағасына қырқылып сән беретін ағаштың арығына су жіберілді, уақыты келгенде гүл егетін жер дайындалып бітті. Ауылға кіре берістегі сәнді бақ қоршалып,боялып ауылға көрік беріп тұр. Бақ өсіріп елдің бағын жандыруға ниет еткен азаматтарға дегендеріңе жетіңдер деген тілек қосып ,әр ауыл азаматтары осы істі жалғастыру эстафетасын табыстауды жөн көрдік", – делінген жазбада. 


Майя ҚОЖАБАЙ
 
31 наурыз 2020 ж. 783 0