Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 475 мыңнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 475 мыңнан асты

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 475 мыңнан асып жығылды. Бір тәулікте 2400-ден астам адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 26 наурыз таңындағы жағдай бойынша, дүниежүзі бойынша COVID-19-ға шалдыққандар саны 475 087-ні құрады. Статистика бір тәулікте 50 865 адамға артты.
Барлығы қайтыс болғандар – 21 400, бір тәулікте – 2407 адам. Жазылып шыққандар саны 110 658, бір тәулікте – 4852 адам.
Қазақстанда 26 наурыз сағат 08:25 жағдай бойынша, індетті жұқтырғандар саны 88-ге жетті:
Нұр-Сұлтан қаласында - 46 адам, Алматы қаласында – 34, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.
26 наурыз 2020 ж. 1 004 0