Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 25 газет

04 сәуір 2020 ж.

№ 24 газет

31 наурыз 2020 ж.

№ 23 газет

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ақ жаулықта кие бар

Ақ жаулықта кие бар

Тарих дегеніңіз бағзыдан аңыз бен әфсанаға толы сандық сынды, – деп хабарлайды alataugazeti.kz. Аузын ашсаң, сан қилы ғибратты тәмсілге қанық боласың. Сандықты ақтарған сайын құныға түсесің. Бір қызығы, құныққан сайын қызылшыл бір «көршіміздің» жаншыпбасып, орайы келсе санадан сүріп тастауға тырысқан, құмыққан дүниелерге тап боласыњ. Біздің сөз етпек болған әңгімеміз де осы аңызәфсаналармен жымдасып, үндесіп жатса керек-ті. Осы орайда, бұрымдылар мерекесі қарсаңында бұрым жайлы бірер ауыз сөз айту артық болмас деп шештік.
Баяғының қарттары «Шашта кие бар, ол жуып, күтілмесе, ұзатылған соң көзден жаулық арқылы көлегейленбесе, қасиет қайтады» деп отыратын. Бастағы орамал – басқа қонған бақ сынды. Жат жұрттық болып, бір шаңырақтың оң босағасын қызартқанда тұрмыс құрмаған қыздардан ерекшелеп тұратын да осы орамал. Қазір қызы да бір, келіні де бір. Немере сүйіп, ақыл айтар шақта самайын ақ қырау шалған әжелерімізді жалаңбас күйде көргенде ыңғайсызданып қаласың. Қазақта «Әйел орамал тартпаса арын ұмытады, күйеуінің барын ұмытады, шашы тамаққа түседі, үйіне келген қонақтың назары түседі» деген сөз бар. Сол бір орамалды әйелдің «статусы» көз алдыңызда құлдырап бара жатқанда қынжыласыз келіп. Батыр баба Бауыржан Момышұлының: «Ерте заманда қазақ ішінде қылмыс жасаған әйел заты үшін жазаның ең үлкені – оның бұрымын кесу болған екен. Совет үкіметі орнағалы бері әйелдер өзін-өзі жазалап жатыр…» дегені еске түседі. Халқымыздың нанымсеніміне сүйенсек, шаш – әйелдерге Хауа Анамыз бен Бибі Фатима анамыздан берілген Алла Тағаланың ғажайып сыйы болатын. Мәселен, Қобыланды батыр жырында: «Тұлымдысын тұл қылды, айдарлысын құл қылды» демей ме?! Осындайда, Баукеңнің кеңестік кезең қыздары жайлы айтқан пікірін ақыл таразысына салғандай артықкемсіз ақиқат екенін түсінесің. Шамамен осыдан он ғасыр бұрын Оғыз Ұлашұлы Қазан Салор түс көріп, шошып ояныпты. Түсінде басынан жайылған шаш көреді. Түс жорушысы билеушінің әлпетін жапқан қалың шаштың қайғы-қасірет екенін айтады. Мұнан соң оғыз билеушісі тұтас құзіреті – алтын тағынан айырылардай күй кешеді. Сонда бір халықтың келер күніне төнген нәубетті түс жорушының аузымен жеткізеді. Әрі әлгі сәуегейдің бұл жорамалы айна қатесіз келіп, Қазан Салордың ұлы құндақта кетіп, елі мұңдаққа айналады. Қазақ халқында орамалдың қадір-қасиетін ұқтыратын әдетғұрыптар мен жөн-жоралғылар жетерлік. Солардың бір мысалы ретінде араша үшін ортаға орамал тастау ишарасын айтуға болады. Араға орамал тастау ғұрпы көбіне қыз, жесір дауы орын алып, екі рулы елдің арасы бүлінуге шақ қалған кездерде орын алатын. Ағайын арасындағы тартыс, тіпті, бүкіл ел өміріне зардабын тигізетін оқиғалар барысында беделі жоғары, сыйлы аналар тараптарды арашалап, бейбіт мәмілеге шақыру мақсатында орамалын ортаға лақтырған. Ал ананы сыйлайтын, ақ жаулықтың қасиетін бағалайтын ер азаматтар әлгі орамалдан аттап өтуді ар санап, оның киесінен тайсақтап, қара күшке емес, сөзге жүгініп, келісімге келген. Діни наным бойынша еврей қауымының әйелдері орамал тағуға тиісті. «Қыздарға орамалсыз жүру жараспайды», «Әйелдері орамал тақпайтын еркектерді қарғыс атсын!», «Еркектерге ұнау мақсатында басын ашық ұстайтын әйелдер жоқшылық әкеледі» деген ұстанымдары мен нанымдары бар деседі. Тіпті, яһуди дінінің ұстанымы бойынша әйелдің жалаңбас жүруі жалаңаш жүрумен тең саналады екен. Тіпті, орамалсыз әйелдің жанында дұға оқып және басқа да ғибадаттар жасауға рұқсат етілмеген. Алайда, тағдыр-тәлейі Еуропамен астасқан еврей әйелдері ортаға бейімделу мақсатында орамалдарын тастап, оның орнына парик тұтынып кеткен. Христиан діні де орамал тағу мәселесіне немқұрайлы қарамайды. Бүгінгі католик дінінің негізгі заңдарында шіркеулерде әйелдерді бастарына орамал тағуға міндеттейтін арнайы бабтар бар көрінеді. Әуелден ырым-тыйым тұрғысынан келгенде қазақ екі жағдайда ғана шаш жайған. Бірі – елді жау шауып, ел иесіз қалғанда, екіншісі – күйеуі мезгілсіз қазаға ұшырағанда әйелдер шашын жайып жоқтаған. Ал бұдан өзге көптің талқысынан өткен тағы бір жайт – өрусіз бос шаштың әр түскен талы аяқ асты қалады. Осыдан соң өрілмеген шаштың қадір-қасиеті туралы айтудың өзі артық секілді. Бәлкім, әйел адамның шашына шайтан үйір дейтін жаңсақ пікір осындай жағдаяттан туындаса керек. Шайтан демекші, ертегілерде етек-жеңі желпілдеп, үсті-басы өрім-өрім болып жүретін жалмауыз кемпірдің, я әйел кейіпте көрінетін жынның шашы жаюлы жүрмеуші ме еді? Әсілі, шаш жаю – бабалар түсінігі бойынша шайтанның ісі болды ма екен, кім біліпті?! Амал нешік, бұл күні бұрымы түгіл тілінің қадіріне жете алмаған қоғамда өмір сүрудеміз. Замана ағымымен қазақ әйелінің басынан сыпырылып бара жатқан орамалымен астасып жатқан ұлттың да ұяты жоғалмаса екен дейсің.

Д.ӘМІР
08 наурыз 2020 ж. 86 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам