Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СІЗ ОРАМАЛ ТАРТАСЫЗ БА?

СІЗ ОРАМАЛ ТАРТАСЫЗ БА?

Тарту тәсілін білесіз бе?
Өзім бала күнімнен орамал тартқанды жақсы көремін. Ол қасиетті мен марқұм әжемнен үйренген едім. Болашақта келін атансам, басымнан орамал түспейтін шығар деп ойлаймын.
Жалпы, орамал тартудың өз тәсілі бар. Біз осы тәсілдермен бөліскенді жөн көрдік.1. Бандана ретінде тартуға болады;2. Мойыншалма ретінде тартсаңыз да жарасымды көрінеді. Егер кеңседе жұмыс істейтін болсаңыз, киген киіміңізге сәйкес болса, әдемі жарасады;3. Орамалдың геометриялық сызбалары бар түрін джинсы шалбармен, ал түрлі-түсті немесе гүлдің суреттері барларын жазғы сарафанмен тартса, әдемі көрінеді;4. Орамалды бүктеп, өзіңіз қалаған пішінге келтіріп, кәдімгі ободок ретінде пайдалануға болады. Бұл ыңғайсыз десеңіз, қазір арнайы ободок түрінде жасалған орамал түрлерін сатып алсаңыз да тиімді.5. Егер асығып, шашыңызды ретке келтіруге уақытыңыз болмай жатса, орамал тартып алыңыз. Тек бұл жерде түсіне мұқият мән беріңіз. Орамал мен үстіңіздегі киімнің түстері сәйкес келгені дұрыс.6. Орамалды сөмкеге тағуға болады. Негізі бұл әдісті күнделікті өмірде француз сәнқойлары жиі қолданады. Көлемі шағын орамалды сөмкеңізге байлап қойсаңыз өте жинақы, әрі әдемі көрінеді.ТІЛШІ ТҮЙІНІ: Тәсіліміз ұнаса, қолданып көріңіз. Өзім бір-екі нұсқасын пайланады екенмін. Іске сәт!                              

Дайындаған; Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
24 қыркүйек 2018 ж. 1 414 0