Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Адалдық – қоғам дамуының негізі

Адалдық – қоғам дамуының негізі

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамның әл-ауқатына және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне кері әсерін тигізетін келеңсіз құбылыс. Сондықтан оған қарсы күрес жүргізу және оның алдын алу бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Мемлекетімізде сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясат жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл бағытта мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, халықпен кері байланыс­ты нығайтуға және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Айдарлы ауылдық округі әкімдігі өз қызметінде заңдылық, ашықтық және әділдік қағидаттарын бас­шылыққа алады. Ауыл тұрғын­дарының өтініштері мен ұсыныстары белгіленген тәртіппен қаралып, мемлекеттік қызметтер заң талаптарына сәйкес көрсетіледі. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және әдеп нормаларын сақтау бағытында тұрақты түсіндіру жұмыс­тары жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әрбір азаматтың белсенді ұстанымы маңызды. Қоғамда адал­дық пен әділдік қағидаттарын орнық­тыру арқылы ғана біз келешек ұрпаққа сенімді әрі дамыған мемлекет қалдыра аламыз.

Құрметті аудан тұрғындары! Заң талаптарын сақтау, мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарау және кез келген заңсыз әрекеттерге бейжай қарамау – баршамыздың азаматтық борышымыз. Адалдық пен парасаттылық құндылықтарын дәріптеу арқылы сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мәдениетті бірге қалыптастырайық.

Адал қоғам құру – ортақ мақ­сатымыз, ал оған жету – әрқай­сымыздың жауапкершілігіміз.

Нұрбол ЖҰМАБЕКОВ,
Айдарлы ауылдық округінің әкімі
Фото: ашық дереккөзден
13 маусым 2026 ж. 265 0