Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Ұлттың жаңа әде­биетінің негізін қалаушы

Ұлттың жаңа әде­биетінің негізін қалаушы

Шіркейлі ауылындағы Қалтай Мұхаммед­жанов атындағы ауылдық мəдениет үйінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған әдеби кеш өткізілді. Coworking орталығында ұйымдастырылған іс-шараға кітапхана оқырмандары, ауыл ардагерлері мен жастары, тиісті сала басшылары қатысты.
Шара барысында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Сұлтанов сөз алып,  ұлы ақынның даналықты, адалдықты ту еткенін айтты.
– Абай Құнанбайұлы ақын ғана емес, ол ғұлама, ағартушы, ұлттың жаңа әде­биетінің негізін қалаушы. Абайдың әрбір өлеңінің әлеуметтік тәрбиелік мағынасы зор. Сондықтан ақынның өмірі мен шығар­машылығын жас ұрпаққа насихаттау маң­ызды. Ақынның 175 жылдық мерейтойы ауыл көлемінде кеңінен аталып өтіледі деп сенемін, – деді ардагер.
Сонымен бірге «Нұр-бақыт» бала-бақшасының меңгерушісі Б.Мұсаева, ауылдық кітапхана меңгерушісі Л.Əбдірейімова ұр­пақ тәрбиесіне зор үлес қосқан Абай Құнанбайұлының шығармашылығы жөнінде пікір білдірді. Танымдық кеште мектеп оқушылары хәкімнің өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқыды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
29 ақпан 2020 ж. 693 0