Соңғы алты жылда газдандыру деңгейі 51%-дан 64,2%-ға дейін өсті
Энергетика министрлігінің мәліметінше, елімізде соңғы алты жылда газдандыру деңгейі 51%-дан 64,2%-ға дейін өсті. Осы кезеңде шамамен 4 млн адам табиғи газға қол жеткізген. Газдандыру жұмыстары аясында 1 мыңнан астам елді мекен қамтылып, 20 мың шақырым газ тарату желісі салынған, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.2025 жылдың қорытындысы бойынша 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газбен қамтылған. Ал 2026 жылы 40 газдандыру жобасы іске асырылып жатыр. Нәтижесінде биыл тағы 36 мыңға жуық адам табиғи газға қол жеткізеді деп жоспарланған.
Солтүстік өңірлерді газдандыру мақсатында «Ишим – Астана» магистральдық газ құбырын салу жобасы қолға алынып отыр. Ол Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Газдандыру жұмыстары Мемлекет басшысының 2035 жылға қарай халықты табиғи газбен қамту деңгейін 80%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес жалғасады.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай









