Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Құлақтан кіріп, бойды алар

Құлақтан кіріп, бойды алар

Аманкелді ауылдық мәдениет үйінің ұйым­дас­тыруымен қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты мерекелік салтанатты кеш ұйымдастырылды. шараға ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагерлер, сала мамандары мен жастар, ауыл тұрғындары қатысты. ауылдық округ әкімі Қ.Құлымбетов ақынның мерейтойымен құттықтап, данышпан ақынның мұрасы рухани азық екенін айтты.
– Мемлекет басшысының мақаласында ұлы ойшылдың даналығы жан-жақты зерделене отырып, бүгінгі күннің қажетіне жарату жолдары қарастырылған. Абай әлемі ұлтты ұйыстырушы негіз, әлемге танытушы тұлға, әр адамнан бастап, барша халқымыз қуат алатын таусылмас рухани азық ретінде қарастырылады. Әрі мемлекеттік саясаттың да арқа сүйер алтын қорғаны іспетті, өйткені Абай мұрасы арқылы барша қазақ баласы рухани шөлін қандырады, ол арқылы қазақ әлемге танылады, – деді ауыл әкімі.
Аталған кеште мәдениет үйінің өнерпаздары, қызметкерлері өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы көрермендерге бірнеше сұрақ қойылып, жеңімпаздар сыйлықпен марапатталды. Кеш барысында Аманкелді ауылдық мәдениет үйінің ұжымы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған челленджді ауылдық округ әкімі Қ.Құлымбетовтен қабылдағандығын, аудандық мәдениет үйінің ұжымына жолдайтындығын жеткізді.

Майя ҚОЖАБАЙ

18 ақпан 2020 ж. 935 0