Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар арасында өткен акция

Тұрғындар арасында өткен акция

Сырдария Жастар Денсаулығы Орталығының психологы А.Молдашова "Күйзелістен шығу жолдары", Сырдария ТКҚСҚББ қызметкерлері "Дұрыс тамақтану" тақырыбында бірлесіп аудан орталығындағы "Дәулет" азық-түлік дүкенінде акция өткізді.

Өмірде әртүрлі қиын жағдайлар болып тұрады: денсаулығын жоғалту, жұмыстан (оқудан) шығып қалу, жақын адамынан айрылу, материалдық шығынға ұшырау, сүйіктіңмен айырылысу, біреуден не өмірден қатты көңіл қалушылық, т.б. Бұл біреулерді ширатса, кейбіреулерді уайымға салып, депрессияға алып келеді. Осындай депрессиядан арылу үшін не істейсіз?

Психологтар күйзелістен құтылудың дәріден басқа әдісі бар деп есептейді. Үмітті сезіну – күйзеліспен күресуде таптырмас қару болып табылады.

Психолог Jennifer Cheavens: «Адамда неғұрлым көбірек үміт болса, соғырлым адам күйзеліске сирек тап болады.Сондықтан үмітке мұқтаж адамдарды үміттенуге үйрету керек», – дейді.

«Егер сіз қалаған нәрсеңізге қалай қол жеткізу керек екенін білсеңіз, сондай-ақ мақсатыңызға жетуге нық сенсеңіз, онда сіздің үмітіңіз бар деп есептеуге болады» дейді психолог.

Акцияда тұрғындармен кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, саламатты өмір салтын ұстану қағидалары айтылды. Үнпарақшалар таратылып, сұрақтарға жауап берілді.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
28 ақпан 2020 ж. 567 0