Қатерлі ісіктен сақтану маңызды

Акция барысында онкомаммолог А. Құлеке обыр ауруының түрлерін айтып, аудан бойынша 2018-2019 жылдардың салыстырмалы статистикасын мәлімдеді. Дәрігер А.Қозбағарова обыр ауруынын алдын алу үшін скринингтік тексерулерден өтудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ онкологиялық аурулардың алдын алудағы салауатты өмір салтын ұстанудың, рационалды тамақтанудың, дене белсенділігімен айналысудың, психобелсенді және зиянды заттарды пайдаланбаудың үлесі зор екенін Жастар денсаулығы орталығының дәрігері Д.Алашбаева көрнекі құралдар мен ақпараттық-танымдық материалдар көрсетті.
Акция соңында қатысушылар маман кеңестерін алып, бой, салмақ және артериалды қан қысымын өлшетті.
"ТТ"-ақпарат