Онкологиялық аурумен күресудің онкүндігі

Онкүндік болып жарияланған акцияда ақ халатты абзал жандар студенттерге обыр туралы мағлұмат берді. Сонымен қатар дұрыс тамақтану мен дене белсенділігінің маңызы туралы ақпарат беріліп, психо-белсенді заттардың онкологиялық аурулар тудыратын бірден бір фактор екендігі айтылды.
Акцияда тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ колледж қызметкерлері мен студенттер өздерінің бой, салмақтарын өлшеп, дене салмағының индексін есептеп үйренді.
Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ