Акция өткізілді
Жастар денсаулығы орталығы мен аудандық ішкі істер бөлімі және №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп - лицейінің жас жол инспекторларымен бірлесе отырып «Біз, қазақстандықтар, туылғаннан қозғалыс қауіпсіздігі үшін!» ұранымен автокөлік жүргізушілер арасында акция өткізді.
Жол көлік апаттарының негізгі себептерін атап, жолда мұқият болуларын сұрады. Жастар денсаулығы орталығының мамандары инсульт пен инфаркт белгілері туралы және уақытылы медициналық тексеруден өту - ауруларды ерте сатыда анықтау екендігі туралы ақпарат беріп, үнпарақшаларын таратты.
Жол қозғалысы ережесін бұзудың ең өрескел қателіктерінің бірі - мас күйінде көлік басқару болып табылады.
Соңғы жылы Қазақстанда 27 мың адам жол-көлік оқиғасынан зардап шексе, оның 3 мыңы осы оқиға құрбаны болған. Әрбір үшінші оқиға мас күйінде көлік айдаған жүргізушілердің кінәсінен болған.
Жол қозғалысы ережелерін сақтамау нәтижесінде жол-көлік оқиғалары орын алады. Көптеген жағдайларда олардың себепкері балалар (жаяу жүргіншілер, велосипедшілер) болып жатады. Тарихи қысқа мерзімде жол-көлік оқиғалары жарақаттанулар мен өлімнің негізгі себептерінің бірі болып отыр. Жол-көлік оқиғалары жарақаттары ресми мәлімет бойынша көптеген жәбірленуші адамдар тек қана ауыр жарақаттардан ғана емес, сонымен қатар уақытылы алғашқы медициналық көмек көрсетілмеу себебінен де өмірден өтіп жатады екен...
Дұрыс көрсетілген алғашқы медициналық көмек, көбінесе жәбірленушінің өмірін сақтап, құтқару, емделу уақытын қысқарту, жарақаттардың жылдам сауығуында маңызды рөл атқарады.
Көп жағдай да жаяу жүргіншілер немесе велосипедшілер көп жағдайда жол көлік оқиғаларының жәбірленушілері болып табылады. Көбінесе қиындыққа ұшыраған адамға тез және сауатты көмек көрсету керек.
- Жол-көлік оқиғаларына түскен адамдар сынық, кесу, буынның шығуы және т.б. жарақаттар алуы мүмкін. - «қан кету» деп қан тамырларынан қан кетуін айтады.
- Қан кету кезінде алғашқы көмек оны тоқтатудан басталуы керек. Неліктен?
Тіпті кішкене қан жоғалту бірден адамды әлсіретеді. Адам ағзасында орташа 5 литр қан бар. Кем дегенде 1 литр жоғалту өмірге қауіп төндіретін күйге әкелуі мүмкін, 2-2,5 литр жоғалту - адам үшін өлімге әкеледі. Сондықтан, жарақаттан кейін, қан кетуді жылдам тоқтатып, жараны кірден және инфекциядан қорғау керек.
- қанның кету турлерін - Артериялық, веноздық және капиллярлық қан кету түрлерін ажыратамыз.
а) Капиллярлық
Егер қан нашар тамшыласа, мысалы, тізеде жарақат болса, онда тек капиллярлар - ең аз қан тамырлары зақымдалған. Мұндай қан кетулер тез арада тоқтатылады, ал жараның бетінде жаңа қан қыртысы пайда болады.
б) Веноздық
Қара-шие түсті қан баяу, біркелкі және үздіксіз ағып тұрса, бұл жағдайда маңызы жоғары вена зардап шекті.
в) Артериялық
Егер қып-қызыл түсті қан солқылдап күшті ағынмен болса, онда бұл қан қысымы өте жоғары артерияның зақымдалу белгілері. Оқушыларға жарақат түрлері мен алғашқы медициналық көмек көрсету турады ақпаратты Ақжарма ауылы № 130 орта мектебінің медбикесі орта буын мектеп оқушылары арасында семинар-тренинг жүргізіп, ақпараттық үнпарақ таратты.
Айдана МАРАТҚЫЗЫ
Пікір 1