ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ
Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күніне орай 5-15 ақпан аралығында "Обырсыз өмір!" ұранымен онкүндік жарияланған болатын. Осы орайда аудандық емханада ашық есік күндері ұйымдарстырылып, пациенттер арасында онкологиялық аурулардың профилактикасы, қауіп факторлары туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардың көкейдегі сауалдарына мамандар жауап беріп, аталмыш дерттен сақтану жолдарын айтты.
Сонымен қатар облыстық онкология орталығында онкүндік аясында мамандар кеңесін (онколог, онкохирург,онкомаммолог, онкогинеколог, психолог), зерттеулер және клинико-лабораториялық тексерулер, атап айтқанда ультрадыбыстық зерттеулер фиброгастродуоденоскопия, рентгенологиялық зерттеулердің барлық түрлері (кеуде қуысы, ішек қарын жолдары, сүйек-буын жүйесі, ирригоскопия, экскреторлық уррография), жалпы клиникалық лабораториялық тексерулер (жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, биохимиялық анализдер, коагулограмма), онкомаркерлер және қалқанша безінің гормондары тегін жүргізілетіндігін хабарлады. Дер кезінде дерттің белгілерін анықтау адам шығынын болдырмауға жағдай жасайды. Халық көпшілігі білмейтін сақтану жолдары мен алдын алу тәртіптері басты назарға алынуы тиіс. Қызметімен көп көңілінен шығатын дәрігерлер тарапынан ілкімді істер жалғасын табатыны сөзсіз.
Балтабай ОРДАБЕКОВ