Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен мейірімділіктің символы

Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен мейірімділіктің символы

№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Жанат Байқадамованың ұйымдастыруымен оқушыларға тәлімді тәрбие мен адамдар арасындағы сүйіспеншілік қасиетін қалыптастыруға арналған іс-шара өтті.

"Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі аясында өткен шара ата-ананы сыйлауға, құрметтеуге, олардың еңбегін бағалап, алғыс айтуға үндейтін өлеңдерді оқу сайысымен ұштасты.

Шарада оқушылар ақындардың ана туралы жазған өлеңдерін оқыды. Тебіреніп, толқып, шабыттанып өлең оқыған оқушылардың дайындығы, белсенділігі көрермендердің де көңілінен шықты.

Іс-шарада ананың аялы алақаны, жылы сөзі, ыстық ықыласы, балаға деген шексіз махаббаты мен әппақ көңілі туралы шараға арнайы шақырылған ақын, аудандық газеттің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлы өз ойын айтты. Ол оқушылардан сабақтан кейін үйге барғанда ата-аналарын құшақтауды және алғыс айтуды сұрады. Сонымен бірге, жас журналист анасына арналған өлеңді оқып берді.

Айта кету керек, Сара Назарбаева негізін қалаған өзін-өзі тану пәні мектептерде бірінші сыныптан бастап он бірінші сыныпқа дейін жүргізіледі.

"ТТ" ақпарат

06 ақпан 2020 ж. 762 0