Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Медицина саласындағы әлеуметтік қызметшілердің жалақысы өседі

Медицина саласындағы әлеуметтік қызметшілердің жалақысы өседі

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ауруханада, жартылай госпитальде, үйде күтім жасау және уақытша тұру жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері үшін психоэмоционалдық және физикалық белсенділігі үшін қосымша ақы енгізілді.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 
Министрлк мәліметіне қарағанда, қосымша ақы арнайы қызметтерді тікелей ұсынатын жұмысшылардың еңбегінің күрделілігі мен жоғары қарқындылығына байланысты сараланады.
Атап айтқанда, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (паллиативтік көмек бөлімшелерін (палаталарын) қоспағанда): басқару персоналына – лауазымдық жалақыдан (бұдан әрі - ЛЖ) 30%; Негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда) – ЛЖ-дан 35%; әлеуметтік қызметкерлерге, санитарларға – ЛЖ-дан 40%. Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің паллиативтік көмек бөлімшелерінде (палаталарында): барлық мамандықтағы тәрбиешілерге, медбикелерге, санитарларға – ЛЖ-дан 60%. Үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының қызметкерлеріне: басқарушы персоналға –ЛЖ-дан 15%; негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда) – ЛЖ-дан 20%; әлеуметтік қызметкерлерге – ЛЖ-дан 35%; санитарларға – ЛЖ-дан 20% - делінген хабарламада.
Жоғарыда көрсетілген санаттағы қызметкерлердің жалақысын арттыруды қаржыландыру үшін 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетте жыл сайын 8,4 млрд теңге көзделген.
03 қаңтар 2020 ж. 630 0