Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 шілдеден бастап 14 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады

1 шілдеден бастап 14 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады


Биылғы жылдың бірінші шілдесінен бастап 14 мыңға жуық отбасы жаңа жәрдемақы алады. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Мәжілісте әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
"Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" заңға бірінші топтағы мүгедекке бала кезінен күтім жасайтын 18 жастан асқан адамдарға арналған жаңа жәрдемақыны енгізу нормалары бекітілді", — деді Әбілқасымова.
Бұл жәрдемақыны 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 14 мыңға жуық отбасы алады, ал оның көлемі биылғы жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды. Мемлекеттік жәрдемақы оларға өмір бойы төленеді. Маңыздысы — әйелдің мүгедек баласына күтім жасаған жылдары зейнетке шыққанда еңбек өтіліне қосылады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2,7 миллиард теңге қарастырылып отыр.
Айта кетсек, бүгінгі таңда бала кезден бірінші топтағы мүгедек адамдарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері — 54 306 теңге.
Бұдан бөлек, министрдің айтуынша, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" заңға енгізілетін түзетулер әлеуметтік қызмет көрсетуге тек қана мемлекеттің емес, сонымен қатар азаматтардың, отбасы мүшелерінің, жеке сектордың және үкіметтік емес ұйымдардың бірдей қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы мақсатта әлеуметтік қызметкерлерге арналған жаңа біліктілік талаптары, медициналық стандарттар мен медициналық мекемелердің стандартты ережелері талап етіледі.
17 мамыр 2018 ж. 1 485 2

Гость JeaOrer от 17 ақпан 2019 00:34
Amoxicillin Breastfeeding Milk Supply On Line Pharmacy No Rx cialis Cialis X20g Other Names For Amoxicillin

Гость JeaOrer от 7 наурыз 2019 04:00
Medicament Misoprostol C Est Pours Quoi donde comprar levitra espana Best Price For Cialis Tablets 5 Mg