Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрпейіс Сағиев "Сырдария ауданының Құрметті азаматы"

Нұрпейіс Сағиев "Сырдария ауданының Құрметті азаматы"

Бұрнағы күні  аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік – Тәңірден келген тәтті сый» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Руслан Рүстемов жиналған жұртшылықты ұлық мерекемен құттықтап,  еңбек ардагері Нұрпейіс Сағиевке «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағын табыс етті.
 Сағиев Нұрпейіс Сағиұлы - 1939 жылы Тереңөзек ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын Тереңөзек ауданының 18-партсъездколхозында агроном қызметінен бастап, 1963-1994 жылдары комсомол комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, Партияның ХХІ-съезі атындағы совхозда агроном, жұмысшылар комитетінің председателі, бас агроном, партия комитетінің секретары, Тереңөзекаудандық тұқым инспекциясының бастығы қызметін атқарған.
Бүкіл еңбек жолында жасаған тынымсыз еңбектері үшін Бүкілодақтық көрменің алтын, күміс, қола және Тереңөзек, Сырдария ауданының 80-90 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған.
17 желтоқсан 2019 ж. 483 0