Нұрмағанбет Қуандықов "Сырдария ауданының Құрметті азаматы"

Қуандықов Нұрмағанбет Ибадуллаұлы - 1949 жылы Қызылөзек ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын мұғалім қызметінен бастап, 1976-2004 жылдары Қызылөзек, Қараөзек, Шаған, Н.Ілиясов ауылдарындағы орта мектептерде директор қызметін атқарды.
2003-2004 жылдары Үшінші шақырылған Сырдария аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.
2004-2013 жылдары Н.Ілиясов ауылдық округі әкімі қызметін атқарды.
Қазақ ССР Оқу министрлігінің Құрмет грамотасымен, халық ағарту ісінің озық қызметкері төс белгісімен, «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалімен марапатталған.