Жарылқасын Камалов "Сырдария ауданының Құрметті азаматы"

Жарылқасын Камалов - 1947 жылы Сырдария ауданы, Аманкелді ауылында дүниеге келген.
1971 жылы алғашқы еңбек жолын Жетікөл ауылдық советінде бастап, Аманкелді кеңшары комсомол ұйымының хатшысы, мал шаруашылығы саласында зоотехник, ферма меңгерушісі, Аманкелді кеңшары директорының орынбасары, кәсіподақ комитетінің председателі болған. 1994 жылы Жетікөл ұжымдық шаруашылық болып құрылып, 2002 жылға дейін директор болды. 2003 жылдан бастап осы кезге дейін "Азамат" шаруа қожалығының жұмысын басқарып келеді.