Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Алматбек Мамбетов "Сырдария ауданының Құрметті азаматы"

Алматбек Мамбетов "Сырдария ауданының Құрметті азаматы"

Бұрнағы күні  аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік – Тәңірден келген тәтті сый» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Руслан Рүстемов жиналған жұртшылықты ұлық мерекемен құттықтап,  Сырдария ауданының тумасы, «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» бас директоры Алматбек Мамбетовке «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағын табыс етті.
Мамбетов Алматбек Әбілқасымұлы - 1958 жылы Тереңөзек ауданында дүниеге келген.
Алғаш еңбек жолын 1978 жылы Қызылорда аэропортында әуе қозғалысын басқару диспетчері болып бастап, ұшыру басшысы, аэропорт бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2001 жылдан «Астана Халықаралық аэропорты» бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары, ҚР көлік және коммуникация Министрлігінің азаматтық авиация Комитетінің төрағасы, «Казаэронавигация» бас директоры, қазір «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» бас директоры қызметін атқаруда. Негізгі  қызметіне қоса «Астана Халықаралық аэропорты» директорлар Кеңесінің мүшесі.
17 желтоқсан 2019 ж. 1 194 0