Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алтынбек Ерназаров "Сырдария ауданының Құрметті азаматы"

Алтынбек Ерназаров "Сырдария ауданының Құрметті азаматы"

Бұрнағы күні  аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік – Тәңірден келген тәтті сый» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Руслан Рүстемов жиналған жұртшылықты ұлық мерекемен құттықтап,  «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» Алтынбек Ерназаровқа «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағын табыс етті.
Алтынбек Ерназаров - 1942 жылы Сырдария ауданы "Комсомол" кеңшарында дүниеге келген. Еңбек жолын  1964 жылы №171 Ғ.Мұратбаев атындағы мектепте мұғалім болып бастаған. Гоголь атындағы Қызылорда мемлекеттік педогогикалық институтының химия кафедрасында стажер-зерттеуші, Алматы қаласындағы Киров атындағы мемлекеттік университетінде аспирант, 1979 жылдан Қызылорда педогогикалық институтының аға оқутышысы, доцент қызметін атқарды. Көп жылдық ұстаздық, ғылыми-әдістемелік еңбектері үшін Білім-министрлігінің Құрмет  грамотасымен, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері атағын алған. 2000 жылдан бастап академиялық профессор атағы, ал 2018 жылы құрметті профессор атағы берілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл,  Еңбек ардагері және  Қызылорда қаласына 200 жыл және Сырдария ауданының 90 жылдық мерекелік медалімен, Елбасының Алғыс хатымен екі рет марапатталған.
17 желтоқсан 2019 ж. 1 265 0