Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрмат Мансұров "Сырдария ауданының Құрметті азаматы"

Нұрмат Мансұров "Сырдария ауданының Құрметті азаматы"

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік – тәңірден келген тәтті сый» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Руслан Рүстемов жиналған жұртшылықты ұлық мерекемен құттықтап, сырдариялық айтыскер ақын Нұрмат Мансұровқа «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағын табыстады.

Нұрмат Мансұров халықаралық, республикалық аламан айтыстарда қасиетті Сыр өңірінің, оның ішінде Сырдария ауданының намысын қорғап, қазақтың төл өнері – айтыстың тамаша үлгісін көрсетіп келе жатқан дарынды ақындардың бірі. Ол бүгінге дейін бірнеше мәрте халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы атанды. Сырдария ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған республикалық айтыста талантты ақын бас жүлдені иеленген болатын.

"ТТ"-ақпарат
13 желтоқсан 2019 ж. 1 642 0