Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Бөлебай Есмаханов "Сырдария ауданының Құрметті азаматы"

Бөлебай Есмаханов "Сырдария ауданының Құрметті азаматы"

Бұрнағы күні  аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік – Тәңірден келген тәтті сый» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Руслан Рүстемов жиналған жұртшылықты ұлық мерекемен құттықтап,  құқық қорғау саласының ардагері Бөлебай Есмахановқа «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағын табыс етті.
Есмаханов Бөлебай Ізбасарұлы -1958 жылы Тереңөзек ауданы Ақжарма ауылында дүниеге келген.
1984-2008 жылдары Қызылорда стансасындағы Желілік полиция бөлімінде тергеуші болып бастап, бөлім бастығы және Орал қаласы стансасындағы басқарма басшысы қызметтерін атқарды.
2001 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», 2004 жылы «Қазақстан Темір жолына 100 жыл» және бірқатар ведомвстволық медалдармен марапатталған.
Құқық қорғау саласынынан зейнеткерлікке шыққаннан кейін, 2012 жылдан бастап Ақжарма ауылындағы «Байдәулет ата» шаруа қожалығын жүргізіп, ауданда егін және мал шаруашылығын дамытуда өз үлесін қосып келеді.
17 желтоқсан 2019 ж. 864 0