Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әріптесіміз "Алтын қалам" иегері

Әріптесіміз "Алтын қалам" иегері

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік – тәңірден келген тәтті сый» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиынды аудан әкімі Руслан Рүстемов ашып, аудан халқын еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен құттықтады.
Аталған жиында аудан басшысы Руслан Рүстемов жыл үздіктерін марапаттады. Жыл қорытындысы бойынша аудандық газеттің жауапты хатшысы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шаһарбек Нұрсейітов «Алтын қалам» аталымы бойынша марапатталды.
Талантты қаламгер, 35 жылдан бері журналистика саласында тер төгіп келеді. Қаламы қарымды журналист 1991 жылдан Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі. Туған жерге, елге арналған 6 кітаптың авторы. Ақпарат және байланыс министрлігінің және облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Сырдария ауданының 90 жылдығы мерекелік медалінің иегері. Қазіргі таңда аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің жауапты хатшысы қызметін атқарады.
 
"ТТ"-ақпарат

13 желтоқсан 2019 ж. 1 200 1

Sylvester от 9 маусым 2025 08:32
Amazing all kinds of helpful advice. casino en ligne France Thanks, Very good information! casino en ligne Nicely put. Thanks. casino en ligne Thanks a lot! Fantastic stuff! meilleur casino en ligne Thank you! Good stuff. casino en ligne Nicely put. Thank you. casino en ligne You have made the point! casino en ligne francais You actually reported that well! casino en ligne Wonderful write ups, Appreciate it. casino en ligne francais You actually suggested this well. casino en ligne