Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үй сату кезіндегі салық төлемі

Тұрғын үй сату кезіндегі салық төлемі

Әлеуметтік желіде келесі жылдан бастап жылжымайтын мүлікті сатып алу мен сату арасындағы айырмашылыққа иесі үйді қанша уақыт пайдаланғанына қарамастан, жеке табыс салығы салынатыны туралы ақпарат тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мемлекеттік кіріс комитеті жұртшылықпен байланыс бөлімінің басшысы Олжас Отар қазақстандықтар тұрғын үйді сату кезінде пайда сомасының он пайызын осы жылжымайтын мүлікті сатып алу мен сату арасында бір жыл өтпеген жағдайда ғана төлеуі тиіс екендігін айтты.

Егер азамат бір жылдан аса уақыт үйге иелік етсе, сату кезінде ешқандай салық төлеуге міндетті емес.

Мәселен, сіз сегіз ай бұрын 15 млн теңгеге үй сатып алып, енді оны 20 млн теңгеге сатуды жоспарлап отырсаңыз, 500 мың теңге салық төлеуіңіз қажет.

Өйткені, 500 мың теңге мәміледен түскен бес млн теңге табыстың 10 пайызы.

Алайда, егер меншік иесі бір жылдан астам иелену құқығына ие болса және осыған ұқсас мәміле жасаса, онда оған ешқандай салық төлеудің қажеті жоқ.

"Мұның барлығы ҚР Салық кодексінің 331- бабында жазылған. Айта кететін жайт, бұл тақырып желіде екі жыл бұрын талқыға түскен. Ол кеззде де жоққа шығарылды. Тек адамдарға ақпаратты дұрыс жеткізу керек",- деді Олжас Отар

10 желтоқсан 2019 ж. 774 0