Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өз өмірің – өз қолыңда

Өз өмірің – өз қолыңда

Адам өмірі – бұл басты байлық. Алла тағаланың  жаратқан ешбір тірі тіршілік иесі өз-өзіне қасірет келтірмеуге тиісті. Бірақ тек адам ғана өз-өзіне қасақана қасірет әкелу жолымен өз өмірін қиюға барып жатады. Қазір дүниежүзі бойынша суицид мәселесі алдыңғы қатарда тұр. Өзін-өзі өлтіру – адамзат баласының ең маңызды проблемасы болумен қатар, қоғамға, отбасы үшін үлкен қайғы-қасірет әкелуде.

Қазіргі таңда суицидтік әрекетке баратындардың негізгі себептеріне бірнеше факторлар бар: өз-өзіне сенімділігін жоғалту, әлеуметтік жағдайдың қиындығы, денсаулықтың салдары, отбасындағы кикілжіңдер, материалдық-тұрмыстық жағдайдың болмауы, үмітсіздік, қорқыныш, рухани күйзеліс, өмірден түңілу болып табылады. Қалай десек те бұл проблеманың себебі өте көп. Дегенмен, әрбір мұсылман баласы үшін өз-өзіне қол жұмсау ауыр күнәға жатады. Өмірге деген жағымды көзқарастар, өмірлік позиция, өмірлік жоспар-мақсаттың болуы, болашаққа деген үмітпен өмір сүру – әрбір пенденің міндеті.

Ұлы философ, ежелгі Рим мемлекетін басқарған Марк Аврелий «Біздің өмірімізді біздің ойымыз басқарады» деп адам тағдырын өзгертуі мүмкін тамаша ойды осы сөзге сыйдыра білген. Шындығында да адамның басына жақсы қуанышты ойлар келгенде, адам өзін бақытты сезініп, эмоционалды тұрғыдан көңіл-күйі көтеріңкі болады. Ал егер көңілсіз, пессимистік ойлар келсе, бойымызды бақытсыздық, көңілсіздік сезімі билеп алады.

Дүниежүзінің үздік психиатр, психологтары өз еңбектерінде адамның психологиялық күйі физиологиялық жағдайына қатты әсер ететіндігі жөнінде тамаша иллюстрациялар келтірген. Мысалы, атақты Наполеон мен Неллен Келлерді алатын болсақ. Билік, байлық, атақ-даңққа ие болған Наполеон армандағанының бәріне қолы жетсе де, қасиетті Елена аралында тұрып: «Менің өмірімде бақытты алты күнім де болған жоқ» деп мойындаған екен.

Ал құлағы естімейтін, көзі көрмейтін зағип жан Неллен Келлер «Өмір неткен ғажап!» деген екен. Өмірге деген құштарлықты ояту, санамызда тек жақсы позитивті ойды қалыптастыра білу ол тек өз қолымызда. Күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жан дүниесін түсінуіміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп, үлкен нәтижеге жетеріміз хақ. Әрбір адамзат баласы жақындары, ата-анасы, достары үшін, қоғам үшін қымбат екенін ұмытпағаны абзал. Кей кездері өзің шеше алмайтын оқиғалар болады. Кімнен көмек сұрап, кімге жүгінеріңді білмейсің.

Достарыңмен жақындарыңның бұл оқиға туралы білмегенін қаласаңыз, облыстық жастар денсаулығы орталығынан құрылған психологиялық көмек көрсететін «Жедел желі» 8800-080-22-26 қызметіне жүгінуіңізге болады. Көмекті тегін, әрі құпия түрде көрсетеді.
Самал ИЛЬЯСОВА,
«Амбулаториялық -емханалық қызметі бар»
Сырдария аудандық орталық ауруханасының психологі
12 қараша 2019 ж. 5 776 6

Назерке от 12 қараша 2019 14:32
Молодец Самал. Енбегин жана берсин!

Жибек от 12 қараша 2019 14:52
Жарайсың Самалка

Қаракөзайым от 12 қараша 2019 14:59
Керемет мақала.Маған ұнады

Гүлмария от 12 қараша 2019 15:48
Ой салатын мақала.Тәрбиелік мәні бар.

Бактыбай от 12 қараша 2019 20:40
Самал  макалан  оте жаксы  жазылган.
Жумыста  табыс тилеимин.

Гулзира от 13 қараша 2019 17:51
Өмір алланың берген сыйы,қадірін білу керек