Астанада ойыншық тапаншамен «қаруланған» ер адам дүкен тонамақшы болды
Астанадағы гүл дүкендерінің бірінде орнатылған дабылдаманың арқасында қарақшының ойы іске аспай қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі patrul.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру шаралар барысында полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, қамауға алды.
Астана қаласы Алматы ауданының №2 сотының үкімімен ер адам ҚР ҚК 24, 191-бабы, 2 бабы 1-тарауы бойынша айыпты болып танылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
https://baq.kz/kk