Әлем халқының саны 1 қаңтарда 7 миллиард 444 миллионға жетеді
Келесі жылдың 1 қаңтарында жер бетінде халық саны 7 444 443 881 адамға жетеді. Бұл туралы АҚШ-тағы санақ бюросы мәлім еткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, 1 қаңтарда жер бетіндегі адам санының өсімі былтырғы жылмен салыстырғанда 78,5 млн адамға артқан. Сөйтіп, өсім 1,07%-ды құраған.
Сондай-ақ, келесі жылы секундына 4,3 сәби өмірге келіп, 1,8 адам қайтыс болатыны туралы болжанған.
Бұған дейін осы бюро 2050 жылға қарай жер бетіндегі халық саны 9 млрд адамға жететіні туралы болжам жасаған болатын.
XI ғасырдың басында жер бетінде 310 млн адам болса, 1900 жылы 1,6 млрд адам өмір сүрген. 6 миллиардтық межеге халық саны 1999 жылы жеткен. Ал 2011 жылы әлем халқының саны 7 миллиард болған еді.
Пікір 2