Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Рухани жаңғыру – ата-баба арманы

Рухани жаңғыру – ата-баба арманы

Іңкәрдария ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани жаңғыру – дәуір талабына сай жаңғыру» атты дөңгелек үстел өтті. Оған клуб қызметкерлері және №191 орта мектебінің оқушылары белсене қатысты. Дөңгелек үстелді кәсіпорын басшысы З.Ахметова ашып, бағдарламалық мақаладан туындаған міндеттерді кеңінен түсіндірді. Клуб үйінің әдіскері А.Жұмабекова «Абай ілімі және рухани жаңғыру» тақырыбында баяндама жасап, рухани құндылықтарды қастерлеу қажеттілігін атады. Р.Бисембаева ақын С.Сейтманның «Рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып берсе, Р.Ермаханова ақын Ф.Бейсенбекованың «Рухани жаңғыру – ата-баба арманы» атты өлең шумақтарын оқыды. Дөңгелек үстелге қатысқан оқушылар өз ойларын ортаға салды.

«ТТ» ақпарат
01 қазан 2019 ж. 1 524 0