Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Асханаға қажетті кеңес

Асханаға қажетті кеңес

Аспаздық өнердің жұлдызы Джейми Оливер кітабында асханаға арналған мынадай лайфхактармен бөліседі. Түртіп алыңыз, мүмкін сізге де кәдеңізге жарап қалар. Керек кеңесті massaget.kz ұсынады.

• Котлет жасап жатқан кезде қолыңызды қайта-қайта сулап отырыңыз. Сонда шикі ет алақаныңызға жабыспайды.

• Егер лаймды қыздырсаңыз, шырыны көбірек шығады.

• Аскөктердің шырыны мен иісі жақсы шығуы үшін оны үккішпен езіп, үстіне зәйтүн (оливка) майын құйыңыз.

• Салатқа өріктің дәнін қоссаңыз, амаретто сусынының дәмін береді.

• Цукиниді қуырар алдында езіп алған дұрыс.

• Баклажан буда бірнеше минутта пісіп үлгереді.

• Салатқа қосатын картопты ыстықтай тураған жөн.

• Етті қуырғанда бір ас қасық ұн сеуіп жіберсеңіз, етіңіз қытырлақ боп шығады.

• Балықты пісіргенде табаға май құюдың қажеті жоқ, балықтың өзін табаның бетіне жағып шықсаңыз болады.

• Картопқа аскөк араластырар болсаңыз, тура дастарқанға қояр алдында салыңыз.

• Макаронды сүлгіге орап алсаңыз, оңай сындыруға болады.

• Чили бұрышының ащылығын азайтқыңыз келсе, оны көп мөлшердегі суға салып, алдымен тұқымынан тазартып алыңыз.

• Балық пісіретін ыдысқа жабыспауы үшін оны алдымен тұздап қойыңыз, сонда тұз ылғалдығын сорып алады.


04 қазан 2019 ж. 543 0