Сәбіз бен апельсиннен жасалған күзгі салат
Қызыл орамжапырақ, сәбіз бен апельсиннен әзірленетін күзгі салаттың рецептісін назарларыңызға ұсынамыз.
Ингредиенттер:
400 г қызыл орамжапырақ
1 шағын сәбіз
3 ас қасық лимон шырыны
1 ас қасық зәйтүн майы
3 апельсин
150 г табиғи йогурт
1 шай қасық қыша
20 г қуырылған, туралған грек жаңғағы
Тұз, бұрыш
Әзірлеу тәсілі:
Орамжапырақты жуып, тазалаңыз. Содан кейін буда 15 минут пісіріп, жұмсартыңыз. Лимон шырыны мен зәйтүн майын құйыңыз. Тұз бен бұрышты қосып, салқындатып қойыңыз. Тоңазытқышқа да қойсаңыз болады.
Апельсиннің қабығын ашып, турап, шырынын сақтаңыз.
Тазаланған сәбізді үккіштен өткізіңіз.
Йогуртты, қышаны, лимон және апельсин шырынын араластырыңыз. Тұз бен бұрышты қалауыңызға қарай қосыңыз.
Орамжапырақты сәбіз бен апельсинмен араластырып, жаңғақты қосыңыз.
Дереккөз: Сегодня