Етті жұмсартудың сыры

Етті пісірерден 1-2 сағат бұрын, оған үккіштен өткізілген пиязды араластырып, езіп қойсаңыз, нағыз бал татыған тағам шығады.
Қатты етті су қосылған картоп крахмалында жібітіп алсаңыз, ол қытырлап ауызда еритін тағамға айналады. Орамжапырақ не қияр тұздығы – ең ұтымды нұсқа. Оны тіпті тұздаудың да қажеті шамалы. Газды минералды су – етті жұмсартудың тексерілген тәсілі. «Ессентуки» не «Боржоми» сусындарынан артығы жоқ.
Ал кивиді шанышқымен жаншып, үстіне ет салып араластырсаңыз, 2 сағаттан астам уақыт ұстаңыз. 1,5-2 келі етке бір орташа киви жарайды.
Қыша (горчица) етті жұмсартып қана қоймай, оған аздаған қышқылдық пен ғажап хош иіс береді. Оны сұйық тұздық не ұнтақ түрінде етке жағып, 15-20 минут қойсаңыз, етіңіз ауызда ериді.