2023 жылдың ең үздік жабайы табиғат суреттері таңдалды
Беделді GDT Nature Photographer of the Year 2023 байқауының жеңімпаздары жарияланды: алуан түрлі жұмыстар ұсынылды – "күлімсіреген" қолтырауыннан таңғажайып түрлі-түсті айсбергке дейін, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы мен "Авиата" сервисі.
Daily Mail басылымының хабарлауынша, фотобайқауға қатысуға 13 елден 7 мыңға жуық өтініш түскен. Байқауды ұйымдастырушы Германияның табиғат фотографтары қауымдастығы (GDT) екені атап өтілді.
Қазылар алқасының ерекше назарын аударған жұмыстардың ішінде Куба жағалауындағы "күлімсіреген" қолтырауынның динамикалық суреті, Гренландиядағы айсбергтің күңгірт бейнесі және үкінің таң қалдырар портреті бар", - деп сипаттайды қатысушылар жұмысын басылым.
GDT "Жыл фотографы" сыйлығын неміс фотографы Силке Хюттхе телеграф бағанының екі жағында симметриялы түрде отырған екі жыртқыш құстың суреті үшін жеңіп алды.
Төменде ең жақсы, әрі марапатқа ие болған және үздік табиғат фотолары көрсетіледі.
"Басқа жануарлар" санатында алтыншы орынға ие болған бұл "Күлімсіреу" деп аталатын көздің жауын алатын фотосуретте Куба материгінің жағалауындағы Хардинес-де-ла-Рейн архипелагының мангр жағалауындағы екі американдық қолтырауын бейнеленген. Фотосуретті түсірген Лаура Беккер.
Сүтқоректілер номинациясында алтыншы орынды жеңіп алған фотограф Барбара Кальтенборнның бұл таңғажайып суретінде Норвегияның Шпицберген архипелагындағы ақ аю баласымен бірге бейнеленген.