Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№45 газет

16 маусым 2026 ж.

№44 газет

13 маусым 2026 ж.

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы

«Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы

Сурет өнері – өнер атаулының ішіндегі ең көркем әрі қиын жанр. Көркем бейнені ақ қағаз бетіне айнытпай салып, дәлме-дәл бейнелеу екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Сұлу өнерді шебер меңгеріп, қабілетін шыңдап жүрген жас суретшілер арасында байқау өтті. №131 Т.Қозыбаев атын­дағы орта мектебі тәлімгерлері Сандуғаш Досмайылова мен Кәмшат Әбибуллаеваның ұйымдастыруымен 1-5 сынып оқушылары арасында өткен мектепішілік байқау «Бояулар құпиясы» тақырыбын арқау етті.

Байқау қорытындысы бойынша 4-сынып оқушысы Б.Керейтбаев бірінші орынды жеңіп алды. 4-сынып оқушылары С.Қуантай мен Н.Жұматай екінші орынды өзара бөліске салды. 2-сынып оқу­шысы А.Төлегенова, 5-сынып оқушылары Ә.Пернебаева мен Ж.Қуантай жүл­де­­лі үшінші орынмен марапатталды. «Рауан» бетінде жүлдеге ие болған жас суретшілердің жұмысын жариялап, оқырмандар назарына ұсынбақпыз.


04 ақпан 2023 ж. 1 863 0