Доллар арзандап, теңгенің құны өсті
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққанда орташа бағамы 324,04 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап. Бейсенбі күнгі сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, шетел валютасының бағамы 1,46 теңгеге құлдыраған. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 323,1 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 324,61 теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 189,9 млн долларды құраған. Бейсенбі күні доллардың курсы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 325,5 теңге, күндізгі сессияда 324,84 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 325,2 теңге болған. Жалпы сауда көлемі 266,95 млн долларды құраған.
Пікір 11