Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Банкке қарызын 3 айдан аса төлемегендерге несие берілмейді – агенттік ұсынысы

Банкке қарызын 3 айдан аса төлемегендерге несие берілмейді – агенттік ұсынысы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк алдындағы қарызын 90 күннен аса төлемеген азаматтарға несие беруге тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Банктік қарыз немесе микрокредит бойынша мерзімі өткен берешегі күнтізбелік 90 күннен асатын жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз беруге тыйым салынады», - деп жазылған «Ашық» НҚА порталында жарияланған жобада.

Агенттік түсіндірмесіне сәйкес, мұндай бастама қазақстандықтардың көп қарыздануының алдын алуға бағытталған.

«Азаматтардың борыштық жүктемесінің одан әрі өсу тәуекелдерін болдырмау үшін екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздары бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын тұлғаларға тұтыну қарыздарын беруді шектеу ұсынылады. Бұл ретте проблемалық берешектің өсуін шектеу және қолданыстағы қарыздар бойынша қарыз алушылардың борыштық жүктемесін төмендету мақсатында қарыз алушылардың берешекті қайта қаржыландыруға, оның ішінде неғұрлым тиімді шарттарда құқығын сақтау қажет», - деп түсіндірме берілген.

Айта кетсек, қолданыстағы заңнамада мұндай шектеу жоқ.

Құжат 6 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.
24 наурыз 2023 ж. 383 0