Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін кімдер қолдана алады және артықшылықтары!

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін кімдер қолдана алады және артықшылықтары!

Салық кодексіне еңгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне өзгерістер енгізіліп, қолданылуы қайта басталды.

Бөлшек салықтың АСР салық төлеушілерінің салық кезеңі үшін қызметшілердің орташа тізімдік саны 200 адамнан және күнтізбелік жылдағы табысы айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайды (2023 жылы –2 млрд. теңге);

Осы режимді қолдану мақсаттары үшін ҚР Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін ғана жүзеге асыратындар қолдануға құқылы яғни, экономикалық қызметтің жалпы тізбегі негізінен жеке тұлғалар үшін тауарларды сатуға және қызметтер көрсетуге бағытталған 190 қызмет түрі кіреді. Оның ішінде бөлшек сауда, автомобильдер, киім-кешек пен жиһазды жөндеу, ағаш өңдеу, сырлау және сылақ жұмыстары, жолаушы тасымалы, сондай-ақ қоғамдық тамақтану және т.б.

Құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде бөлшек салықтың АСР қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар бөлшек салықтың АСР қолдануға құқылы болып табылмайды.

Сондай-ақ, бөлшек салықтың АСР қолдану кезінде КТС/ЖТС ставкілері:

– 4% ҚР және одан тыс жерлерде салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) барлық кірістер бойынша. Бұл ретте жергілікті өкілетті органдардың бөлшек салық ставкасының мөлшерін 50% - ға, яғни 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуге құқығы бар. Ставкі мөлшерін төмендету туралы шешімді, ол енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей жергілікті уәкілетті орган қабылдайды. Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша жергілікті өкілді органдар мөлшерлеменің мөлшерін төмендету туралы шешім қабылданды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.  

КТС/ЖТС-ын есептеу үшін шығыстар сомаларын шегерімге жатқызу бойынша осы Кодекстің 242-б. 3-2-т. нормаларын қолданатын салық төлеушілерге тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістер бойынша - 8 %. Бұл ставкінің мөлшерін төмендетуге жатпайды.

Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
Фото: ашық декреккөзден
16 қыркүйек 2024 ж. 217 0